Шымкентте шаруалар жер салығына миллиардтаған теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте шаруалар жер салығына миллиардтаған теңге қарыз

16.04.2024

Жер салығына миллиардтаған теңге қарыз болған шымкенттік шаруалар биыл көктемгі егіске кірісе алмай отыр. Берешек салдырынан олардың есепшоттары бұғатталып, мемлекет тарапынан берілетін субсидиядан да қағылған. Қарыз шаһар республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғалы бері қордаланып келеді. Шаруалар оған дейін 1 гектар үшін небәрі 90-190 теңгенің арасында салық төлеп келген болса, мегаполис атанғаннан соң мемлекетке кіріс есебінде мың есе артық ақша аударуына тура келген. Яғни қазір 1 гектарға 91 мың 700 теңге салық аударуы тиіс. Бүгінде мыңдаған қаруа қожалығының небәрі бесеуі ғана аразан бағадағы жанар-жағар майды, тағы оншақтысы минералды тыңайтқыш үшін берілетін субсидия қаржыны алу мүмкіндігіне ие.

Манасбай Бекбауов, Шаруа қожалығының төрағасы:

Не солярка ала алмаймыз. Дәрілерді де, не техниканы ала алмаймыз жаңартайық десек. Қазір техникаға да субсидия беріп жатыр 30-35 пайыз. Есепшот жабық болған соң аған ешқандай әрекет ете алмаймыз. Жерден әңгіменің ашығын айтиқанда құтыла алмай оырмыз. Гос актіні де алмай отырмыз.

Осындай қиындықтарға байланысты биыл шаһарда егістік аумағы 500 гектарға кемиді. Яғни, 26 мың 500 гектар жер игерілмек. Қала әкімдігі жер салығын төмендетуге байланысты мәслихат депутаттарына ұсыныс жасап, шешім де қабылданды. Бірақ еліміздегі заңдылық бойынша мәслихат салықты тек 50 пайызға дейін ғана төмендету құқығына ие болып шықты. Бұл шаруаларға бәрібір ешқандай жеңілдік бермей тұр.

Жәнібек Тоғай, Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

Бірақ оның өзі бұл кісілерге ауыр. Сондықтан барлығын тоқтатып, үкіметке хат жаздық. Қала әкіміне түсіндіріп айтылды. Енді биыл күзге дейін шешіп, біржақты етуіміз керек.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу