Биыл халықтың салық бойынша қарызы 23 млрд теңгеге жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл халықтың салық бойынша қарызы 23 млрд теңгеге жеткен

16.08.2021

Биыл халықтың салық бойынша қарызы 23 млрд теңгеге жеткен. Кірістер комитетінің хабарлауынша, өтелмеген ақшаның көбі көлік салығына тиесілі – 21 млрд теңгеден асады. Негізгі берешек 17 млрд 5 млн теңге. Қалған 4 млн теңгеге жуық ақша өсімпұл. 263 мыңнан аса азамат 1 млрд теңгеген асатын мүлік салығын әлі төлемей келеді. Тұрғындардың жер салығына қарызы 409 млн теңге. Салық төлеуді кешіктірген әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі. Алайда айыппұл салу заңда қарастырылмаған.

Айнұр Сартаева, Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
Салық міндеттемесі орындалмаған жағдайда салық органдары салық берешегін мәжбүрлеп өндіру шараларын қолдануға міндетті. Банктік шот ашудан бас тарту міндеттемесі бар екенін ескерген жөн.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу