Музей қызметін заманауи бағытта дамыту жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музей қызметін заманауи бағытта дамыту жолдары талқыланды

27.10.2023

Елімізде музей мамандары тапшы. Осы саланың жұмысын түсінетін, тарихи, мәдени ескерткіштер мен мұраларды ажыра алатын маман дайындау мәселесі өзекті. Бұл тақырып бүгін Астанада алғаш рет өткен Қазақстан музей қызметкерлерінің конгресінде талқыланды. Жиынға ел бойынша 120-дан аса музей қызметкерлері қатысты. Спикерлер музей ісі мен оның қызметін заманауи бағытта дамыту бойынша ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Конгресс аясында этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің құрметіне көрме ұйымдастырылды. Құнды жәдігерлерді Ұлттық Музей мен Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музей қоры ұсынған. Мұнда Өзбекәлі Жәнібековтің өз қолымен тіккен киімдері, құжаттары, жұмыс үстелін көруге болады.

Әзел Шәріпова, Өзбекәлі Жәнібековтің немересі:

Балабақшаға барып жүрген кезім. Алғашқы рет наурыздың тойланар кезі. 89 жылы сол көйлекті өз қолымен тіккен. Жалпы атамыз жұмыс істеген әр детальге назар аударатын. Жұмыс істегенде ұстанымдарын үйде де көрсеткен.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу