Мемлекеттік рәміздер мерекесінде патриоттық акт қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік рәміздер мерекесінде патриоттық акт қабылданды

04.06.2021

Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Жас Отан», «Жаңғыру жолы», «Жастар конгресі» бірлестіктері, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, «Болашақ» ассоциациясы, «Студенттер алянсы» бірігіп, мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысты. #Менің рәміздерім, #Менің Туым, #Менің Қазақстаным хэштегтерімен әлеуметтік желілерде арнайы акциялар ұйымдастырылып, әр өңірдегі жастар ұйымдары шараға қолдау көрсетіп жатыр. Шара барысында қазақстандық жастардың рухани-адамгершілігін арттыруға бағытталған маңызды Патриоттық акті жарияланып, қабылданды. Жастар арасындағы белсенділер Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде Қазақстанның жетістіктерін құрметтеуге және Отанымыздың өркендеуін қамтамасыз етуге, аға буынның ізгі бастамаларын жалғастыруға шақырды. Мереке автошерумен жалғасып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына сәйкес 30 автокөлік бас қаланың басты көшелерімен 30 км жолды жүріп өтті.

Нұржан Жетпісбаев, «Jas Оtan» жастар қанатының төрағасы:
Ең басты мақсаты -елдігімізді, тәуелсіміздігімізді, мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтау. Осындай акциялар арқылы біз жастарға патриоттық тәрбиені насихаттаудамыз.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу