Президент қазақстандықтарға алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қазақстандықтарға алғыс айтты

09.04.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді. «Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат болған сәттен бері менің атыма достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатыр. Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен алғыс айтады. Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады. Қазақстан азаматтарына шын жүректен алғыс айтамын», – деп жазылған Мемлекет басшысының Instagram парақшасында.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу