Президент құтқарушылар мен еріктілерге алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент құтқарушылар мен еріктілерге алғыс айтты

04.04.2024

Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ішкі істер органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобымен және су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып жатқан еріктілермен жүздесті. Кездесу барысында Президент табиғи апатпен күреске атсалысқан барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, олар бүкіл еліміз үшін өте маңызды, игі іс атқарып жүргенін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу