Атырауға 20 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауға 20 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді

09.04.2024

Атырауға Қазақстан халқы Ассамблеясынан алғашқы көмек керуені келіп жетті. Еліміздің тасқын судан зардап шеккен өңірлеріне қолдау көрсету мақсатында Ассамблея жанынан «Жүректен жүрекке» акциясы басталған еді. Бүгінде барлық өңірінде 10 мыңдай волонтер зардап шеккендерге қолдау көрсетуде. Осы уақытқа дейін көмек қорына 200 млн теңге жиналды. Ол қаражатқа тасқын астында қалған аймақтардың керек-жарағы алынып, арнайы керуенмен аттындырылып жатыр. Бүгін Атырау облысына 20 тонна азық-түлік Шымкенттен келді. Атырау облысындағы көмек қорына 70 тоннадан астам азық-түлік мен керек-жарақ жиналып, Құлсары қаласына үздіксіз жолданып жатыр.

Ақбаржон Исмаилов, ҚХА төрағасының орынбасары:

Қазақстан халқы Ассамблеясының Жүректен жүрекке акциясында біздерде штаб құрылған. Бүкіл өңірде штабтарымыз бар. Жалпы атырауда да бар.Сол облыстық штаб қазіргі кезде керек заттарды айтып отырады. Соған қарап біз өңірлерге осындайт гумкөмектерді жеткізіп отырамыз.

Мәдина Жұмағазиева, волонтер:

Біздер 3 күн бойы демалмастан осы жерде ауысыммен жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі кезде жан-жақтан келген көмектерді біз Құлсары қаласының эвакуация жасалған тұрғындарына, Шоқпартоғайдағы, Теңіз қалашығындағы тұрғындарға таратып беріп жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу