Атырауға тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін 300 тоннадан аса гуманитарлық көмек жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауға тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін 300 тоннадан аса гуманитарлық көмек жиналды

11.04.2024

Қазақстанның түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созуға асық. Лек-легімен жүк тиелген көліктер мен ұшақтар Атырауға келіп жатыр. Мәселен кешенің өзінде 40 тонна қажетті зат пунктке жайғастырылды. 

Жандос Темірғали, тілші:

Арнайы штабтың құрамындағы 150-ге жуық волонтер мұнда екі ауысыммен белжазбай жұмыс істеп жатыр. Мына пунктің іші 4 секторға бөлінген. Айналасы 6 күннің ішінде 300 тоннаға жуық жүк жиналды. Бұл қоймада тұрған гумкөмектің тоннасы. Ал тасқын судан зардап шеккен құлсарылықтарға 70 тоннадай жүк жөнелтілді. Оның 10 тоннасы Теңіз мұнай кеніші аумағындағы вахталық қалашықтарда орналасқан тұрғындарға үлестірілді.
Жүк әрісі Қырғызстан мен Ресейден, Дағыстаннан жеткізілді. Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Астана, Алматы өңірлерінен де елдің аманаты келді.
Гуманитарлық көмектің ішінде азық түліктен бастап, көшпелі асхана мен үрмелі қайыққа дейін бар. Тіпті, су соруға арналған техникалар да жеткізілген. Пункт жұмысын әлі де жалғастырады.

Хабарламаларға жазылу