СҚО-да жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырушылар қалаға қатынауға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырушылар қалаға қатынауға мәжбүр

13.03.2024

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды облыс орталығына барып тапсыруға мәжбүр.

Өйткені 4 ауданның халыққа қызмет көрсету орталықтарында сынақ тапсыруға арналған кабинеттер жоқ. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылған жиында автомектептердің директорлары осы мәселені ортаға салды. Емтиханды бірден тапсыра алмағандар облыс орталығына бірнеше рет қатынайды. Өңірде жылына орта есеппен 7 мың адам жүргізуші куәлігін алады.

Жасұлан Қариев, фронт офистерді үйлестіру басқармасының басшысы:

Облыс орталығына жақын орналасқан аудандарда емтихан тапсыратын кабинеттер жоқ. Өйткені тұрғындар алдын-ала талон алып, Петропавлға келе алады. Мұндай кабинеттерді жарақтау қаншалықты тиімді екенін сараптай отырып, шешім қабылдаймыз.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу