Пәкістанда циклон қаупі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда циклон қаупі жарияланды

13.06.2023

Пәкістанда циклон қаупіне байланысты тұрғындар алдын ала көшірілді. Бұған дейін Синд провинциясында күшті жел көтерілген еді. Ол күшейіп, дүлей дауылға айналған. Осыған байланысты жағалау тұрғындары теңізден қашық орналасқан жерлерге эвакуацияланды. Желдің жылдамдығы сағатына 135 шақырымға жетуі мүмкін деген болжам бар. Циклоннан елдің екінші ірі қаласы Карачи мен көршілес Үндістанның Гүджарат штатының он шақты ауданы қатты зардап шегуі ықтимал.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу