Қырғыз елінің гуманитарлық көмегі Сыр өңірінен өтті
Қырғыз республикасының тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға жөнелткен гуманитарлық көмек керуені бүгін Сыр өңіріне жетті. Бауырлас елден шыққан 15 жүк көлігі төрт бағытқа Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарын бетке алған.
Жәрдем керуеніне Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамырқанов жетекшілік етіп келеді. 300 тоннадай гуманитарлық жүк артқан көліктерде төсек-орын жабдықтары, киім-кешек, жылытқыш қондырғылар мен азық-түлік бар. Бірнеше күннен бері жолда келе жатқан қырғыз бауырларды Сыр өңірінің ел азаматтары қарсы алып, қонақжайлық танытты.
Урматбек Шамырқанов, Қырғыз Республикасы Тжм Вице-Министрі:
Қазақ біртуғандар Қырғыз елі атынан Қазақ елінде жапа шеккен облыстарына жәрдем алып келе жатырмыз. Қазір бұл жерде жәрдем керуенінде 15 фураға жүктелген ең бірінші кезекте керек барлық тауарлар бар. Егер Қазақ еліне тағы қосымша тағы бір қандай көмек керек болса тағы алып келуге даярмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10