Атырауда жасанды бөгеттерді жару жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жасанды бөгеттерді жару жұмыстары жүріп жатыр

07.04.2024

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Жем өзенінің арнасын бұру үшін жасанды бөгеттерді жару жұмыстары басталды. Аэровизуалды тексеру жүргізген облыс әкімінің орынбасары бұл Құлсары қаласындағы су деңгейін түсіруге септігін тигізеді дейді. Бөгет нығайту жұмыстарына өзге өңірлерден 700-дей әскер көмекке келген. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Құлсары маңындағы қауіп төнген елді-мекендерге аттанды.

Қайрат Нұртаев, Облыс Әкімінің Орынбасары:

Кезінде көптеген жеке шаруа қожалықтар суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеп, жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл қалаға келген судың ағыспен ағып кетуіне үлкен кедергі болып отыр. Соған байланысты бітелген арналардың көзін бөгеттерді жару арқылы ашып жатырмыз. 


Хабарламаларға жазылу