Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүріп жатыр

02.03.2023

Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұз жарып жатыр. Күн райы күрт жылынса, өзен сағасына мұз кептелуі мүмкін. Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері Ертіс, Уба, Бұқтырма және Күршім өзендерінде мұз жармақ. Сең жүрсе жағаға жақын қоныстанған елдімекендерді су басуы мүмкін. Әзірше қауіп басым 4 ауданнан 16 аумақ анықталды. Мұз жару жұмысы әуелі Шемонайха ауданынан басталды. Бұл аудандағы өзендердің көбі бірнеше ауылдың іргесінен ағады. Биыл мұздың қалыңдығы 1 метрге жуықтайды.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу