Су алған аймақтардан 72 мыңнан астам адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су алған аймақтардан 72 мыңнан астам адам құтқарылды

07.04.2024

Су алған аймақтардан 72 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның ішінде 16 мыңдай бала бар. Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының айтуынша, қазір эвакуациялық пункттерді 14 мыңдай тұрғын паналап отыр. Оның - 7 мың 200-і бала. Төтенше жағдай болған өңірлерден 7,5 миллион текше метр еріген қар суы шығарылған. Құтқару жұмыстары тәулік бойы, үздіксіз жалғасып жатыр. Тасқын болып жатқан аймақтарға 952 мың қап, 976 мың тонна инертті материал төселген.

Қахарман Оразалин, ҚР ТЖМ Ттөтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:

Бүгінгі таңда авариялық құтқару жұмыстарына 12445 адам, 1300-ге жуық техника және 7 әуе кемесі жұмылдырылған. Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облысы республикалық жедел штабтың қабылауында.

«Қазгидрометтің» мәліметіне сай, бүгін республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер, елдің солтүстік батысында, солтүстік және орталық бөлігінде жауын жауып, арты қарға айналады деп болжайды. Сондай-ақ, Батыс, Шығыс Қазақстанда ауа температурасы 13,20 градус жылы болады. Солтүстік, солтүстік батыс аймақта 7,15 градус нөлден жоғары.


Хабарламаларға жазылу