Су тасқыны болған өңірлерде ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны болған өңірлерде ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізілуде

07.04.2024

Су тасқыны болған өңірлерде ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам су сынамасы алынған. Тиісті зерттеу жүргізілген. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, талдаудың нәтжесі бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін 133 сынама анықталды. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар шеңберінде комитеттің аумақтық бөлімшелері барлық сумен жабдықтау нысандарына күшейтілген бақылау жүргізіп жатыр. Өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық салауатты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.


Хабарламаларға жазылу