Атырау қаласына төтенше жағдай режимі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау қаласына төтенше жағдай режимі енгізіледі

06.04.2024

Атырау қаласына төтенше жағдай режимі енгізіледі. Бұл туралы өңірге арнайы іссапармен барған Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев айтты. Вице-премьер тасқыннан зардап шегіп жатқан Құлсары қаласында да болып, жағдаймен танысты. Облыстық штабтан Жандос Темірғали тікелей байланысқа қосылады. 

Жандос Темірғали, Тілші:

Армангүл, Қанат Бозымбаев қызыл су құрсауында қалған Құлсары қаласын әуеден барлап шығып, тасқын шайып кеткен бөгеттердің жағдайымен танысты. Кейін, облыстық штабқа келіп, жауаптылармен шұғыл кеңес өткізді. Қазіргі уақытта жем жағалауын нығайту жұмыстары қарқынды жүруде. Топырақ толтырылған 46 мың дана қапшық пен 174 мың тоннадан астам инертті материал төселді. Мыңнан астам адам мен жүз елуге жуық техника тасқынға тосқауыл қойып жатыр. 15мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуация әлі де жалғасады. Қанат Бозымбаев Құлсарыда ахуал күрделі, бірақ алаңдауға негіз жоқ, мәселені үш төрт күнде реттейміз деді. Біз Вице премьерден сұқбат жазып алған едік. Соны режиссерлер қосып жіберсе.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары:

Жағдайды қалыпқа келтіру үшін бізге 3-4 күн керек болып отыр. Кеңдігі он Судың көлемі үлкен. Оны жіберу керек. Оны жіберу үшін тиісті шаралар қабылдап. жатырмыз. Қазір Қазақтан темір жол басшысы осы жаққа келіп отыр. Теміржолды тесіп, астынан суды жібереміз.

Жандос Темірғали, Тілші:

Жайық өзені де қатер төндіріп тұр. Бастауын Ресейден алатын өзен бүгінде Орал өңіріне үлкен қиындық туғызуда. Мамандар енді 15-20 күнде нөпір су Атырауды басып қалуы мүмкін дегенді айтады. Себебі секундында 250 мың жыдамдықпен тасыған өзен бой бермей кетуі мүмкін. Атырау қаласын тасқыннан қорғау жоспары ертең дайын болады.Тиісті қаржы бөлінеді. 15 -20 күннің ішінде Жайық жағалауының 100 шақырымы бекітіліп болады. Оған мыңдаған техника жұмылдырылады. Ертең өңірге үкімет басшысы келеді деп күтілуде.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу