Маңғыстауда 100 мың гектар жер мемлекетке қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 100 мың гектар жер мемлекетке қайтарылады

04.04.2024

Маңғыстауда 100 мың гектар жер мемлекетке қайтарылады. Ол жерлер Бейнеу, Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия және Маңғыстау аудандары аумағында орналасқан. Жер учаскелерін шаруа қожалықтары егін егуге немесе жайылым ретінде пайдалану үшін, 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге жалға алған. Алайда, аталған жерлер игерілмей отыр. Құзырлы орган қызметкерлері талдаулар жүргізіп, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылмай бос жатқанын анықтады. Тіпті, арасында заңсыз берілгендері де бар.

Марат Ергешбаев, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары:

Былтыр берген нұсқама көлемі 200 мың болғандықтан, біз биылғы жылға 100 мың гектар қайтаруды жоспарлап отырмыз. Тең жартысын. Бұл жерде енді айта кету керек, 1 жыл ескерту берілгеннен кейін жер пайдаланушылар мал алып, көбейтіп жерді игере бастайды. Сондықтан біз тең жартысын қайтарып отырық.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу