Ақтөбе облысында 290 мың гектар жер мемлекетке қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 290 мың гектар жер мемлекетке қайтарылады

03.09.2022

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 290 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Президент тапсырмасына сәйкес, бос және игерілмей жатқан аумақтарға мониторинг жүргізіледі.

Бұл жөнінде облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жолдаудағы тапсырмаларды орындау үшін нақты міндеттер жүктелді. Ең алдымен, халықтың табысын арттыру, өңірдің шикізатқа деген тәуелділігін барынша төмендету және өндіріске инновациялар енгізу. Сондай-ақ, үш ауысымды мектептер мәселесі де алдағы екі жылда толық шешілуі тиіс.

Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:
Мемлекет басшысы бағаны әкімшілік жолмен реттеуде тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығы төмен екенін атап өтті. Тауар тапшылығын туындатып, елді импортқа тәуелді еткендер де айтылды. Сондықтан баға белгілеу ісіне мемлекеттің араласуынан біртіндеп бас тарту да ерекше көртсетілген болатын.

Жақсыбек Кемал


жолдау Президент Жолдауы

Хабарламаларға жазылу