Қостанай облысында соңғы алты жылда 230 мың гектар алқап мемлекетке қайтарылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында соңғы алты жылда 230 мың гектар алқап мемлекетке қайтарылған

28.04.2022

Қостанай облысында соңғы алты жылда 230 мың гектар алқап мемлекетке қайтарылған. Бұған - егін салып, мал өсіру үшін деп жерді жалға алғандардың, оны тиімді пайдаланбауы себеп. Мамандардың айтуынша, иелік еткендер кәдеге жаратпаған жердің дені жайылым мен шабындық. Мысалы, бір ғана Амангелді ауданында мал өсіруге арналған 86 мың гектар жер, мемлекет меншігіне өткен. Жалпы Қостанай облысында ауылшаруашылық мақсатына пайдаланыЛатын жердің көлемі 11 млн гектарға жуықтайды.

Нұрлан Смағұлов, Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы:
Енді біздің тексеріс жұмыстарын өткізгеннен кейін қолданатын шара - бірінші айыппұл салынады. Сосын бір жылға нұсқама беріледі. Бір жылдың ішінде жер иесі жерді тиісті мақсатына пайдалануы керек. Пайданаланбаған жағдайды бір жылдан кейін мемлекетке қайтарылады.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу