Қостанай облысының Жангелді ауданында егіс алқаптарын шегіртке отап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Жангелді ауданында егіс алқаптарын шегіртке отап жатыр

03.07.2023

Қостанай облысының Жангелді ауданында егістік алқаптарын отаған шегірткенің беті әлі қайтар емес. Үйірлі жәндіктер 10 мың гектар жерді жайпап кеткен. Өңірге Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы барды. Жергілікті шаруалар жағдайдың әлі де ушығып тұрғанын айтады. Алқаптарды улау жұмыстары жүріп жатыр. Облыстық аумақтық инспекция өкілдері 257 мың гектардың 66 пайыздан астамын өңдеп үлгерді. Қазір шегіртке басып қалған алқаптарда 31 арнайы техника химиялық өңдеу жүргізіп жатыр.  

Хабарламаларға жазылу