А.Сарым: Әділдік пен жауапкершілік әр қазақстандықтың қасиетіне айналуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Сарым: Әділдік пен жауапкершілік әр қазақстандықтың қасиетіне айналуы тиіс

28.03.2024

Елімізді дамыту әрбір азаматтың жауапкершілігі әрі міндеті. Ұлттық құрылтай мүшесі, мәжіліс депутаты Айдос Сарым, осылай деп отыр. Құрылтайда сөйлеген сөзінде, Президент әділдік пен жауапкершілік мәселесіне ерекше тоқталды. «Әр қазақстандық осы екі қасиетті бойына сіңірсе, елдегі ең үлкен проблемаларды қиындықсыз жеңуге болады», - дейді ол.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі:

Біз қоғам ретінде өзгеруіміз керек. Ол үшін сөзсіз біреуге ұнасын-ұнамасын белгілі бір идеологиялық жұмыс керек. оған мықты әдебиет керек, оған мықты кино керек, оған мықты біздің театр керек, оған мықты өнер жұлдыздары керек. осы арқылы ғана біз қоғамды өгерте аламыз. Біз мына заң жағын жасап та жатырмыз.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу