Ұлыстың ұлы күнін ауылдықтар да тойлап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыстың ұлы күнін ауылдықтар да тойлап жатыр

22.03.2017

Наурыз тойын тек қала емес, елді мекендердің де тұрғындары кең ауқымда атап өтіп жатыр. Солардың бірі - Алматы облысы, Жамбыл ауданының Ақтерек ауылы. Мұнда болған тойдың ерекшелігі сол, 1965 пен 1995 жылдар аралығында туған азаматтар өзара қаржы жинап, жерлестері үшін үлкен мереке ұйымдастырды.

Алатаудың бөктеріндегі Ақтерекке қазақтың биі мен әні әр беріп, сәнін кіргізді. Жұрт болса, бір-бірін құттықтап, алыстан ат арытып келген ағайынмен құшақтасып көрісті. Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар да ұлықталды.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу