Елімізде бүйрек ауруы дендеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бүйрек ауруы дендеп тұр

15.03.2024

Елімізде 700 мың адам бүйрек ауруына шалдыққан. Олардың 7 мыңнан астамы бүйрек ауыстырғысы келеді. Бүгінгі күнге дейін, ел бойынша бар-жоғы 2 мың науқасқа бүйрек ауыстырылды. Ал бүйрегі семіп қалған 10 мың отандасымыз, тұрақты түрде диализге барады. Бұл жайында Дүниежүзілік бүйрек күніне арналған конференцияда белгілі болды. Шараның басты мақсаты- халықтың сырқатын асқындырмай, дер кезінде анықтау.

Венера Алтынова, UMC Корпоративтік қорының медицина түріндегі орынбасары:

Ең бірінші Алматыда 2006 жылы біз жаппай скринг өткіздік. Кәдімгі қарапайым халықтан, дені сау халықтың ішінде. Бұл күннің мақсаты ауратын адамдарды қарамаймыз. Осындай шаралар жиі болса осындайды көбірек өткізсек сонда кәдімгі қарапайым халықтың арасында бүйрек ауруына шалдығатын адамдарды ертерек біліп, ертерек оны қолымызға алуға болады.

Мәди Бижан

Хабарламаларға жазылу