Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Кездесуде қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берілді. «Оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту жайы қарастырылып жатыр», - деді Нұрлан Жақыпов. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
Біз 5 бағытта тиісті жұмысымызды жоспарлап отырмыз. Бірінші – инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. Екінші – жоғары өнімді іске қосу. Үшінші – тікелей шетелдік инвестициялар тарту. Қордың экономиканы кросс субсидиялауын жою. Бесінші – Самрұқ қазынаға еншілес компанияларды IPO-ға және SPO-ға шығару.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеке мектептерге талап күшейеді
17.01.2026, 20:10
Астанада Талдау мектебінің бесінші маусымы ашылды
17.01.2026, 20:07
Павлодар облысында өрт кезінде екі баласынан айырылған отбасына баспана берілді
17.01.2026, 20:06
Бесқайнар ауылының қоқыс полигонына 347 миллион теңге айыппұл салынған
17.01.2026, 20:03
Энергетика министрі үшінші жылу электр орталығының құрылысын сынға алды
17.01.2026, 20:02
Иранда жаппай шерулер кезінде қаза тапқандар саны 3090-ға жетті
17.01.2026, 20:01
Ақ Үй Газа секторын уақытша басқаратын кеңес мүшелерінің есімдерін атады
17.01.2026, 20:00
Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді
17.01.2026, 19:57