Мемлекет басшысы Ахметжан Есімов пен Дархан Қыдырәліні қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ахметжан Есімов пен Дархан Қыдырәліні қабылдады

28.10.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасын қабылдады. Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына соңғы 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Айтуынша, компаниялар тобының табысы жоспарланған 167 миллиард теңгеден асып, 436 миллиардқа жеткен. Әрі «Самұрық-Қазынаны» инвестициялық холдингке айналдыру мен еншіліс компанияларды бәсекелес ортаға беру жұмыстары туралы баяндалды. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасын да қабылдады. Дархан Қыдырәлі Президентке коронавирус пандемиясы кезінде қолға алынған жаңа жобалар туралы айтты. Әрі Халықаралық Түркі академиясының биыл атқарған жұмыстары туралы да есеп берді. Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ұлы ақынның аударылып, жарық көрген шығармалары, әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында өткізілген халықаралық ірі жиындар жөнінде толық ақпарат берілді.

Досжан Маратұлы

Президент ақорда Самұрық-Қазына Халықаралық Түркі академиясы

Хабарламаларға жазылу