Бокстан ерлер құрамасы 5 лицензияға қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан ерлер құрамасы 5 лицензияға қол жеткізді

13.03.2024

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнир аяқталды. Алдағы олипиадаға Қазақстан ерлер құрамасы 5 жолдамаға қол жеткізді. Лицензияға Cәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан , Нұрбек Оралбай, Асланбек Шымбергенов және Айбек Оралбай ие болды.

Қазақстан мен бірге Өзбекстанда да 5 жолдама бар. Турнир иесі Италияда 4 лицензия.

Польшада үшеу. Германия, Норвегия,Ұлыбритания, Филиппин және Колумбиядан екі спортшыдан олимпиадаға барады. Кестеде көрсетілген қалған елдер бір лицензиядан қанағат тұтты.


Хабарламаларға жазылу