Таэквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында 7 жүлдеге қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таэквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында 7 жүлдеге қол жеткізді

15.04.2015
Таэквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында 7 жүлдеге қол жеткізді

Жасөспірімдер арасында Азия біріншілігі көрші Қытай елінің, Тайпей қаласында өткен. 45 келі салмақта Бірімбай Эльдар мен 55 келіде сынға түскен Анастасия Островская финалға шығып, жас өрендерімізге сәттілік жетіспей, қарсыластарына жол беріп қойды.

Ал, қола жүлдеге 5 бірдей саңлағымыз қол жеткізді. Олардың арасында Сағдат Жолдаспаев (51 келі), Сағыныш Шымырбай (55 келі), Нұрқанат Қожахмет (68 келі), Ботагөз Қосмаханбет (48 келі) және Мәдина Қайыржанова (+68 келі) бар.

5 қола мен 2 күміс жүлденің арқасында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жалпы командалық есепте ерлер арасында 4-орын, қыздар арасында 6-орын иеленді.

Хабарламаларға жазылу