Қылмыстық іс электронды форматта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыстық іс электронды форматта қаралады

13.03.2024

Қылмыстық істер электронды форматта қаралуы мүмкін. Әділет министрі Азамат Есқараев Мәжілісмендерге құжатты таныстырды. Заң жобасы қылмыстық процесті оңтайландыруға және қағазбастылықтан арылуға бағытталған. Министрдің айтуынша, нормаға сәйкес қашықтан беттестіру және жауап алу мүмкіндігі енгізіледі. Өйткені қазір тергеушілер беттестіру үшін басқа аймақтардан адамдардың келуін қамтамасыз етеді, дейді. Сондай-ақ, жаңа норма жәбірленушінің орналасқан жері бойынша – ақпараттық жүйе немесе Интернет желісі арқылы қылмыстық құқықбұзушылық жасалған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге мүмкіндік береді . Құжат Мәжілісте қабылданды.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу