Қайрат Сатыбалды тағы бір іс бойынша сотқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалды тағы бір іс бойынша сотқа тартылды

26.03.2024

Қайрат Сатыбалды тағы бір іс бойынша сотқа тартылды. Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру туралы іс түскен. Ашық форматта өтетін сот отырысы 1 сәуір сағат 10:00-ге белгіленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің дерегінше, айыпталушы бұл ақшаға әртүрлі мүлік сатып алған және оны шетелдік банк шоттарына да аударған. Агенттік оған қатысты салық төлеуден жалтарғаны үшін де тағы бір тергеу жүргізіп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ.

Динара Жақыпбек

Хабарламаларға жазылу