Елімізде қоқыс өңдейтін 37 зауыт салынады
Елімізде қоқыс өңдеу жұмысы әлі күнге жолға қойылмай отыр. Министрлер мен әкімдер бұл істі созбалаңға салып жіберді. Осылай деген Премьер-министр жауаптыларды сынға алды. Оның сөзінше, қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналған. Мәселен, былтыр елімізде 4,1 млн тонна қатты қалдық жиналса, оның тек 1 млн-ы ғана өңделген. Қоқыс шығаратын мыңға жуық көлік жетіспейді. 60 мың контейнер тапшы. Осы ретте жаңадан 37 қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер берілмек. Оған 200 млрд теңге бөлінеді.
Ерлан Нысанбаев, ҚР экология министрі:
Бұл – қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін және қайта өңдеу қуатын салуға бағытталған. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі қарыз беру мерзімін және 3 пайыздық сыйақы мөлшерлемесін қарастырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде 16 өңірде су тасқыны күтілуде
12.03.2026, 13:42
Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады
12.03.2026, 13:42
163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
12.03.2026, 13:34
Шымкентке Жиддадан арнайы рейспен 200-ден астам азамат елге жеткізілді
12.03.2026, 13:30
Жетісу облысында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді
12.03.2026, 13:28
Ақмола облысында 125 отбасы баспаналы болды
12.03.2026, 13:24
Астанада көлік қозғалысына қатысты заңдағы өзгеріс күшіне енді
12.03.2026, 13:21
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам құрудың кепілі
12.03.2026, 13:17