Қазақстанның Стамбұлдағы бас консулдығы студенттермен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Стамбұлдағы бас консулдығы студенттермен кездесу өткізді

12.03.2024

Қазақстанның Стамбұлдағы бас консулдығы қаладағы университеттердің бірінде оқитын студенттермен кездесу өткізіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Жиында студенттерге шет мемлекетте жүргенде өздерінің заңды құқықтарын қалай қорғау қажеттігі, консулдық тіркеуге тұрудың маңыздылығы туралы ақпараттар берілді. Сондай-ақ түрлі мәдени, спорттық шараларды бірлесе өткізу жайы да талқыланды. Еліміздің бас консулдығы апта сайын Стамбұл мен оның маңайындағы қалаларда оқитын қазақстандық студенттермен кездесіп тұруды дәстүрге айналдырған. Бүгін де Түркияда 12 мыңға жуық қазақстандық студент білім алып жүр.

Даниел Қами, ІІ курс студенті:

Бүгінгі жиын біз үшін өте пайдалы болды. Көптеген сұрақтарымызға жан-жақты жауап алдық. Консулдықтың бастамасымен өзіміздің белсенді студенттер ұйымын құрдық. Енді басқа университеттерде оқитын қазақстандық студенттермен қарым қатынас орнатамыз. Бірлесіп түрлі шаралар өткіземіз.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу