Астана қалалық ІІД мамандары студенттермен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қалалық ІІД мамандары студенттермен кездесу өткізді

06.02.2014
Астана қалалық ІІД мамандары студенттермен кездесу өткізді
Бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаменті мамандары болашақ тәртіп сақшыларымен кездесті. Жиынға колледж студенттерімен қатар ІІМ Қарағанды академиясының оқытушылары мен қалалық Білім басқармасының өкілдері қатысты.
 
Мақсат - осы салада қызмет етемін, деп ниет танытқан жас өрендерді мамандықтың қыр-сырымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
 
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жас оқушыларды   арнайы жаттығу жұмыстарымен және үйретілген иттердің қалай жұмыс істейтінімен таныстырды.
 
Светлана Бекмұхамедова, қалалық Ішкі істер департаменті кадр бөлімінің аға инспекторы: 
Өткен жылы біздің оқу орындарына түсуге 158  оқушы ниет білдірді. Бірақ, оның 28-і ғана оқу орындарына жолдама алды. Ал,биыл ниет білдерушілердің саны 255-ке дейін жетіп отыр.

Хабарламаларға жазылу