Рамазан айында нені ескеру керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рамазан айында нені ескеру керек?

11.03.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел - татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады, - деді. Мемлекет басшысы халқымыз әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенетінін жеткізді. Биыл бірінші рет түркі тілдес елдер Рамазан айын бір күнде бастады. Қасиетті Ораза отыз күнге жалағасады. Жалпы, ораза ұстайтын адам нені ескеруі керек? Қалай тамақтанған жөн? Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты тарқатады.

РАМАЗАН АЙЫНДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

Бүгін Рамазанның бірінші күні. Құлшылықтың бұл түрі - 30 күнге жалғасады. 5 сәуірден 6 сәуірге қарағанда - Қадір түні. КЕСТЕ2: Ораза ұстау – мұсылмандарға парыз. Дегенмен, ауыз бекітуге шамасы келмейтіндер ораза ұстаудан босатылған. Олар: созылмалы ауруға шалдыққандар, егде жастағылар, балиғат жасына толмағандар және психологиялық ауытқуы бар адамдар. Тиісінше, бұл тізімдегі жандарфидия садақасын беру керек. Бір күндік құны - 3400 теңге. КЕСТЕ3: Ал, жүкті әйелдер, емізулі баласы бар аналар, сапарда жүргендер, сырқаттанып қалғандар оразаны кейінге қалдыруға болады.

Уақыт белдеудің өзгеруі ораза ұстауға еш кедергі келтірмейді және алдыңғы Рамазан айынан аса қатты уақыт айырмашылығы жоқ, - дейді бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы. Сондай-ақ, Ұлттық арнаға берген сұхбатында бірінші рет ауыз бекітетін адамдар нені ескеру керектігі бойынша кеңес айтты.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Кез келген алғаш ұстайтын адамдарға айтарымыз: ас жеген кезде де адамның денсаулығына пайдалы ас жесе. Таңертең сәресіне тұрған кезде де Пайғамбарымыз айтады: «Сәресін кешіктіріңдер, ауызашарда ауыз ашуға асығыңдар», - дейді. Соңғы уақыттарында сәресін ішу, жақсы тамақ жеу денсаулыққа зиянын тигізбейтін адамға күш беретін сәресінде, кешке ауыз ашқан уақытта да қатты тойып кетпей сол ағзаға зиян келтірмейтіндей дәрежеде тамақ жеу...

Нутрициолог маманның айтуынша, оразада дұрыс тамақтану арқылы – кез келген дерттің алдын алуға және жеңіп шығуға болады. Адам ашыққан кезде ағзадағы жасуша жаңарады, холестерин мен қант деңгейі төмендейді, - деді. Бұдан бөлек, сәресінде тамақтану маңызды екенін айтты. Ал ауызашарда жеңіл тағам тұтынуға кеңес берді.

Салтанат Жолдасбекова, диетолог-нутрициолог:

Сәресінде болу керек міндетті түрде май, пайдалы майлар. Оған біз сарымайды жатқызуымызға болады, қолдың қаймағы, құйрықмайды жатқызуымызға болады. Екінші – көмірсулар, яғни ботқа жасауға болады. Ақуыз дейміз ет өнімдері,жұмыртқаны да жатқыза аламыз. Сәресі осындай тойымды болу керек. Ең бірінші ауызды сумен ашуымыз керек. Ол ыстық боолмуы керек, салқын болмау керек. Сорпа тағамын ішсек болады...

Мүфтият өкілдері мейрімділік пен ізгілік, сабырлық пен кешірім айында азаматтарды барынша игі істерге атсалысуға шақырды. Сонымен бірге, саудагерлерге арақ-шарап сатуды бір айға доғара тұруға ұсыныс жасады. Ал, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеді. Бұдан бөлек, Рамазан айында "Зекет" қоры бірқатар қайырымдылық шарасын ұйымдастыратынын жеткізді. Пітір садақасының мөлшері адам басына 640 теңге.


Асылбек Даниярұлы

Хабарламаларға жазылу