«Таңшолпан». Суда жүзуде нені ескеру керек? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Суда жүзуде нені ескеру керек? (ВИДЕО)

08.08.2017

Балаңыздың денсаулығы жақсы, дене бітімінің сымбатты болып, қалыптасуын қалайсыз ба? Демек, сізге керегі - жүзу. Фитнестің бұл түрі ағзаға ешқандай ауыртпашылық түсірмейді. Оның ерекшелігі де - осы. Бұл - ең қауіпсіз спорт түрі.

Суда адамның салмағы екі есе азаяды. Нәтижесінде буын және омыртқа сүйегіне түсетін салмақ әлдеқайда азаяды. Ескерер жайт, алдымен міндетті түрде 30 минут жаттығу жасау қажет. Денені қыздырып алғаннан соң ғана баланың жүзуіне болады.

Суда адам денесінен 50-80 пайыз жылу бөлінеді. Нәтижесінде ағзадағы жылуды қайта қалпына келтіру мақсатында зат алмасу процессі реттеледі. Егер балаңызға фитнес жаттығуларын жасауға болмаса, оның орнын жүзумен алмастыруға болады.

«Бассейнде бастысы тек жүзуді үйрену емес, судың астында жаттығу жасай білу. Себебі, жаттығу жасамай жүзуге бірден кіріскен жанның суда сіңірі тартылуы мүмкін. Ол ағзаға зиян әрі қауіпті.

Жаз уақытында баланың бос уақыты көп. Қазірден бастап балаңыздың бос уақытын дұрыс әрі тиімді пайдалана білуіне үлкен мән беріңіз», - дейді жаттықтырушы Артем Гуляев.

Хабарламаларға жазылу