Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмірі жайлы зерттеу жоқтың қасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмірі жайлы зерттеу жоқтың қасы

07.03.2024

Қазақтың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова жайлы ақпарат әлі де аз. Тарихшылар осылай дейді. Батырлардың көзсіз ерлігі сөзсіз мойындалған. Алайда олардың өмірі жайлы зерттеу жоқтың қасы. Шайқаста ауыр жараланып, ерлікпен қаза тапқан хас батырлар туралы Аида Ахметбек рет-ретімен..

Аида Ахметбек, тілші:

Бұл 17 жасында мергендер мектебін оқып, соғысқа аттанған батыр қыздың үй-ішіне жазған бұл соңғы хаттарының бірі.
Сапура Молдағұлова, Әлия Молдағұлованың сіңілісі:

Алайда ол қандай да бір ерлік жасап, батыр атануды армандаған жоқ. Ол отанды қорғау - әрбір адамның міндеті деп ойлады. біздің соңғы кездесуіміз есімде. 9 шілде Ленинградтан кететін болдық. Әлияны да бірге қаладан кетуге шақырдық. "Ленинград бізге көп нәрсе берді. Саған да қалада қалуға болатын еді. Бірақ жеңгемнің үш баласы бар. Сен аттана бер. Мен осында қалып, қолыма мылтық алып, қорғанысқа барамын" деді.
Ол алғашқы жауынгерлік тапсырмаларын Ленинград майданында 1943 жылдың шілде айында орындайды. Алғаш рет 3 майдандасымен бірге жаудың екі әскерін тұтқындайды. Екі айда 32 дұшпанның көзін жояды.

Толқын Жаңабергенова, Әлия Молдағұлова атындағы музейдің бас қор сақтаушысы:

Новосоколники теміржолын азат ету керек болады. Ол маңызды обьект болады. Себебі азық-түлік тасылмалдайды. Немістер мықтылап бекініп алған. Сол кезде командирі жараланады да, кейін қарай шегініп бара жатқан жауынгерлерді Әлия тұрғызып, бауырлар отан үшін алға деп оларды артынан ертіп, сол жерде өзі енді қайтыс болады.
Қосы шынардың сыңары - Мәншүк Мәметова. Әкесі - етікші, шешесі - сауыншы болған. Тағдырдың жазуымен 5 жасында Мәншүкті туысқан ағасы Ахмет Мәметов асырап алады. Ол кезде Ахмет алаштан шыққан алғашқы дәрігердің бірі. Ал өгей шешесі Әмина хан ұрпағынан. Осылайша қаршадайынан текті әулеттің тәрбиесін көрген Мәншүк өжет болып өседі. Соғысқа сұранып баруының бір сыры осында жатса керек.

Ахмедияр Батырханов, Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музейінің директоры:

Ахметқазы Болатов өзінің естелігінде сонда айтады мен соңғы көрген Мәншүкті мен дейді. Бізде шегінуге бұйрық болып шегініп бара жатып Мәншүкке де айттым Мәншүк, бірге шегінейік деп. Сонда ол айтты дейді, басынан жараланған, аяғынан жараланған, қолынан жараланған жерлерін марлімен байлап алған Мәншүк «жоқ, біздер барлығымыз шегінсек, ителентеп жау бізді қуып жетіп бәрімізді де жояды. Сондықтан сендер шегіне беріңіздер мен әзірге жауды тоқтата тұрамын» деп қалған болатын дейді.
Аида Ахметбек, тілші:

Кеңес Одағының Батыры атағы Мәншүк Мәметоваға 1943 жылы берілсе, Әлия Молдағұлова оны бір жыл өткен соң, 1944 жылы алған. Ерліктің ғажайып үлгісін көрсеткен қос батыр бір-бірін таныған жоқ, - дейді зерттеушілер. Алайда екеуінің қанды майданға қосылған екі қаланың арасы - 60 шақырым.

Хабарламаларға жазылу