«Таңшолпан». Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына орай экспедиция ұйымдастырылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына орай экспедиция ұйымдастырылды (ВИДЕО)

26.10.2017

Арнайы делегация Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың мазарына барды.

Шығыстың қосшынары Әлия мен Мәншүктің Псков облысында жерленгені белгілі. Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музейінде құрылғаннан бастап сол жақтағы мектептер мен музейлермен тығыз байланыс орнатылған еді.

Таяуда қызметкерлер Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына орай арнайы шақыртумен Псков облысына барып қайтты.

Экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Ресей тұрғындарының қазақ қыздарына деген ерекше құрметін көргенде кеудені мақтаныш кернейді.

Алдымен Новосокольникиге аялдаған делегация сапарларын Әлия Молдағұловаға тағзым етіп, гүл шоғын қоюдан бастады. Әрі қарай Мәншүк Мәметова мәңгілік мекен еткен зиратқа барған. Халықпен жүздесіп, кездесулерден естен кетпестей әсер алған олар музейге бірқатар жәдігерлер ала келіпті. Оның ішінде батыр қыздардың ұстаған жеке бұйымдары.

 

Хабарламаларға жазылу