Өзбекстанда көліктерге газ құю станциялары тұрақты жұмыс режиміне көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда көліктерге газ құю станциялары тұрақты жұмыс режиміне көшті

07.03.2024

Өзбекстанда көліктерге газ құю стансалары тұрақты жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы елдің энергетика министрлігі хабарлады. Табиғи газдың қысымы қалыпты деңгейге оралып, нысандардың жұмысы толық жандана бастады.

Еске салайық, ақпан айының ортасында қатты дауылдан электр желілері зақымдалып, «Газли» газ өңдеу зауытына қарасты станцияда онға тарта қондырғы істен шыққан еді. Салдарынан көгілдір отынның қысымы төмендеп, көліктерге газ құю стансалары жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Ел билігі мұның себебін тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелерді табиғи газбен қамтуға басымдық берілуімен түсіндірген болатын. 20 күндей үзілістен соң бекеттердің жұмысы қалпына келтірілді.

Хасан Ташхужаев, Энергетика министрлігі ақпарат қызметінің басшысы:

Газ құю бекеттеріне тәулігіне 150 млн текше метрге дейін газ жеткізіліп жатыр. Бұл алдыңғы күндерге қарағанда 12 пайызға артық. Жалпы республика бойынша газ қысымының қалыпты режимі байқалады. Көліктерге газ толтыратын барлық стансалар жұмыс істеуге көшті. 

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу