Германиядағы ереуіл салдарынан қазақстандықтар елге орала алмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиядағы ереуіл салдарынан қазақстандықтар елге орала алмай жатыр

06.03.2024

Air Astana 7-ші наурызға жоспарланған Астана-Франкфурт-Астана бағыты бойынша рейстерінің тоқтатылғанын хабарлады. Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұған Франкфурт әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілі себеп болып отыр.

Сапарлардың доғарылғаны жайында барлық жолаушыларға SMS хабарлама жіберілген. Сонымен қатар, жолаушыларға билеттің пайдаланылмаған бөлігі толық қайтарылып, наурыздың 14-не дейін орындалатын рейстер үшін билеттерді қайта брондау айыппұлсыз жүзеге асырылмақ.

Хабарламаларға жазылу