Әлем бойынша әлеуметтік желілердің жұмысы бірнеше сағатқа тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем бойынша әлеуметтік желілердің жұмысы бірнеше сағатқа тоқтады

06.03.2024

Әлем бойынша әлеуметтік желілер істемей қалды. Кеше кешке қолданушылар Facebook пен Instagram желілері дұрыс жұмыс істемей тұрғаны туралы шағымданды. Бірден Мета компаниясының өкілдері жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, хабар таратты.

Одан бөлек, YouTube, WhatsApp мессенджер, Google және TikTok-тың да жұмысында ақау болған. Бірнеше сағаттың ішінде барлық әлеуметтік желі қалпына келтірілді.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу