Журналист, спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист, спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды

05.03.2024

Ардагер журналист, спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды. Қазақ телевизиясында өзіндік із қалдырған ол, 1968-2003 жылдар аралығында редактор, спорт комментаторы қызметтерін атқарды. Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы болды. «Қазақстан» корпарациясы ұжымы марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтады.


Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу