Танымал журналист Бейсен Құранбек дүниеден озды
Қазақ журналистикасы қарымды қалам иесінен айырылып, қара жамылды. Табиғатынан талантты Бейсен Құранбек бүгін 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастап, кейін «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет істеген. Əрі «Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай», «Қарекет» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуын жүргізді.
2014 жылдан бері Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болған талант иесін ақтық сапарға шығарып салу үшін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарих пен технология ұштастырылған музей
07.03.2026, 20:04
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17