Оңтүстік Кореяда дәрігерлердің наразылығы әлі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда дәрігерлердің наразылығы әлі жалғасып жатыр

04.03.2024

Оңтүстік Кореяда дәрігерлердің наразылығы әлі жалғасып жатыр. 3 мыңдай ақ халатты Сеул көшелерінде үкіметтің медицина саласындағы саясатына қарсы шеруге шыққан. Олар 2025 жылдан бастап медициналық мектептерге студенттерді көптеп қабылдау жоспарымен келіспейді. Акцияға қатысушылардың айтуынша, елдегі дәрігерлердің саны онсыз да жеткілікті. Бірнеше күннен бері 9 мыңға жуық дәрігер қарсылық ретінде жұмысқа бармай жүр. Үкімет олар ақпанның 29-на дейін жұмысқа оралуын талап етіп, болмаса, айыппұл төлететінін ескерткен еді. Алайда дәрігерлер бұған да құлақасар емес, олардың жұмысқа оралуға ниеті жоқ.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу