«Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

01.03.2024

Елордада Алғыс айту күніне орай Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен этномәдени бірлестіктердің өкілдері «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Палата Спикері қазақстандықтарды құттықтап, бұл мереке дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі екенін айтты. Алғыс айту күні достық, өзара көмек сияқты құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті. Сенат төрағасы сонымен қатар әлемде тұрақсыздық белең алған қазіргі уақытта халықтың сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруы, өзара құрмет пен қолдауды насихаттауы маңызды екеніне назар аударды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Жиырмасыншы ғасырда репрессиялардың кезінде осында біраз халықтар жер аударылып жіберілген кезде, соғыс кезінде біздің халқымыз өзінің жомарттығын, кеңдігін, мейірімділігін көрсеткені белгілі.Сондықтан осындай керемет қасиеттері үшін біз енді өзіміздің қазақ халқына, отанымызға тағы да бір рет барлығымыз бірге ризашылығымызды білдіріп, бьасымызды игеніміз дұрыс. 

Хабарламаларға жазылу