Қордайлықтар Алғыс айту күнін ерекше атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордайлықтар Алғыс айту күнін ерекше атап өтті

01.03.2021

Қордайда алғыс айту күні ерекше тойлануда. Бір тудың астында тату-тәтті күн кешкен ұлт өкілдері алғыс айту мерекесін ұлттар достығы аллеясына гүл шоқтарын қоюмен бастады. 

Түрлі этнос өкілдері ұлттық тағамдарын ұсынып, жұрт достық дастарханынан дәм татты. Салт-дәстүрден сыр шертетін көрмені аралады. Ал дүнген ұлты көп шоғырланған Сортөбе және Масаншы ауылдарында Ноғайбай бидің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, шағын футболдан достық турнирі өтті. 

Жалпы Қордай ауданында 150 мыңға жуық халық тұрса оның 70 мыңдайы өзге ұлт өкілдері. Татулық қасиетті туымыз деген аудан тұрғындары алғыс айту күнінің бәріміз үшін маңызы зор дейді.

Лоу Исхар, Жамбыл облысының құрметті ардагері:
Бүгін Алғыс айту күні. Қазақ еліне, халқына алғыс айтамыз.

Хабарламаларға жазылу