Қазақ еліне мың алғыс! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ еліне мың алғыс!

01.03.2019

Алғыс айту күнінің басты идеясы – ортақ тарихи зерде негізінде қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті, жалпыұлттық бірлікті нығайту. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алғыс айту күні меркесінің шығу тарихы, маңызы туралы айтылды.

Жиналғандардың айтуынша, бұл тағдыр талқысына түсіп, қазақ жеріне келген барлық этностарға қазақ халқы танытқан қонақжайлылығы, қамқорлығы, мейірімділігі және қайырымдылығы үшін ризашылық білдіріп, құрметтерін көрсететін күн. Бұл күні қайырымдылық акцияларын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алғыс айту күнін мерекелеу аясында елімізде 1570-ке жуық түрлі мәдени және қайырымдылық шара өтіп, мұқтаж жандарға, көпбалалы аналарға, жетімдерге 126 млн теңгеге көмек көрсетілмек.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу