АҚШ Сенаты қысқа мерзімдік бюджет жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Сенаты қысқа мерзімдік бюджет жобасын мақұлдады

01.03.2024

АҚШ-тың демократтар бақылауындағы Сенаты, қысқа мерзімдік бюджет жобасын мақұлдады. Мақсат - үкіметті қаржыландырып, оның жабылауына жол бермеу. 77 сенатор қолдап, 13-і қарсы дауыс берген құжат заңға айналуы үшін енді президент Джо Байденге қол қоюға жіберіледі. Бұған дейін оны Конгресстің өкілдер палатасындағы басым күшке ие республикалықтар да мақұлдаған.

Егер бұл жобаны халық қалаулылары қолдамағанда, Құрама Штаттардың федералық үкіметі 8 наурыздан кейін ақшасыз қалып, миллиондаған адамға жалақы төленбей, талай мемлекеттік мекеме уақытша жабылар еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу