Техас штатында жасөспірімнің не себепті оқ атқаны әлі анықталған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техас штатында жасөспірімнің не себепті оқ атқаны әлі анықталған жоқ

26.05.2022

АҚШ-тың Техас штатындағы мектепте оқ атып, 21 адамды мерт қылған Сальвадор Рамос шабуылға бармас бұрын «Фейсбук» әлеуметтік желісінде жазба қалдырған. Жасөспірім «өз әжесін атып, кейін бастауыш мектепте оқ ататынын» жазғаны белгілі болды. Ал, оның ауыр қылмысқа неліктен барғаны әзірге анықталмай отыр. Шабуылдан 19 оқушы және екі мұғалім қаза тапты. Тағы 13 бала ауруханада жатыр. Ал АҚШ Сенаты бүгін ішкі терроризмді болдырмауға бағытталған заң жобасын талқылауды бастау үшін дауыс береді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу