АҚШ Сенаты біржынысты және нәсіларалық жұптарға қатысты заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Сенаты біржынысты және нәсіларалық жұптарға қатысты заң жобасын мақұлдады

20.12.2022

АҚШ Сенаты біржынысты және нәсіларалық жұптардың некесін федералды деңгейде қорғау туралы заң жобасын мақұлдады. Осы арқылы сенаторлар ел аумағында біржынысты некені тануды міндеттеді. Өйткені консервативті штаттарда мұндай жұптарды мойындамайды. Оның үстіне Жоғарғы сот бір жынысты некені заңдастыру туралы шешімін өзгертуі мүмкін. Енді заң жобасын өкілдер палатасы мақұлдап, Президент қол қойды. 1996 жылғы «Некені қорғау туралы» заңның күші жойылып, «неке ер мен әйел арасындағы одақ» деген ұғымды өзгертетін «Некені құрметтеу» заңы пайда болды. Ал тұрғындардың біржынысты некеге қатысты пікірі әртүрлі.

Студент:

Менің ойымша, біржынысты неке деген дұрыс емес. Бұл менің діни көзқарасым. Жалпы, неке құру деген тек әйел мен ер адамның арасында болу керек. Себебі ол табиғи болмысымызға сай.


Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу