Бельгияда әуе компания қызметкерлері ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда әуе компания қызметкерлері ереуілге шықты

29.02.2024

Бельгияда әуе компания қызметкерлері ереуілге шықты. «Brussels Airlines» компаниясының бортсеріктері жұмысқа шықпағандықтан, әр бесінші рейс кейінге шегеріліп, мыңдаған жолаушы жолынан қалды. Бортсеріктер еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны көбейтіп, қосымша сыйақы тағайындауды талап етуде.

Сондай-ақ жұмыс уақытын қысқартып, жүктемені азайтуды сұрайды. Әуекомпания басшылығы мен кәсіподақ ұйымының өкілдері әзірге ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Сондықтан наразылық акциясы 2 наурызға дейін жалғасады.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу