Бельгияда мұғалімдер ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда мұғалімдер ереуілге шықты

24.04.2024

Бельгияда ұстаздар қауымы бір күн жұмысты тоқтатып, ереуілге шықты. Балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарының 6 мыңға жуық мұғалімі, әкімшілік қызметкері Валлония-Брюссель аймағы үкіметінің алдына жиналып, биліктен еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Айтуларынша, мектептерде, университеттерде ұстаздардың жетіспеуінен жүктеме көбейген. «Қағазбастылықтан шаршадық»-деген шерушілер биліктегілерден мұғалімдердің статусын көтеріп, жалақысын көбейтуді сұрайды. Сондай-ақ, білім саласын қаржыландыруды күшейту қажеттігін айтады.

Элен Дюпон, география пәнінің мұғалімі:

Оқушылардың саны көп, бір сыныпта 25 баладан. Олармен жұмыс істеу өте қиын. Мұғалім жетіспейді. Штатты,жалақыны көбейту керек. Мардымсыз айлыққа жастарды ұстап тұру мүмкін емес. Екі жыл істеп, шыдамай кетіп жатыр бәрі.

Грегори Понье, кәсіподақ ұйымының жетекшісі:

Жүктеме көбейгелі білім сапасы да түсіп кетті. Маусымда болатын сайлау алдында әдейі өткізіп отырмыз. Саясаткерлер білім саласындағы қордаланған проблемаларды ұмытпасын деп.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу